Лондонда геосаясат саласындағы сарапшылар қазақстанның еуразиядағы рөлін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондонда геосаясат саласындағы сарапшылар қазақстанның еуразиядағы рөлін талқылады

Лондонда геосаясат саласындағы сарапшылар қазақстанның еуразиядағы рөлін талқылады

Лондондағы әйгілі клуб үйлерінің бірінде британдық «Audley» консалтингтік компаниясы «Орталық Азияның жаңа жағдайында Қазақстанның рөлі және оның көпвекторлы сыртқы саясаты» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

  • 17 Маусым 2022
  • 3
Фото - Caravan.kz

Іс-шара барысында Қазақстанның сыртқы саясатының қазіргі дамуымен, Орталық Азия мен әлемдегі геосаяси жағдай, Украинадағы дағдарыс және оның салдары және т. б. түйткілге қатысты сындарлы пікірталас өтті. 

Дөңгелек үстелге «BBC World News» жаңалықтар бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі (1996-2014), «Тhinking the Unthinkable» жобасының негізін қалаушы және директоры Ник Гоуинг, Монако Княздігінің Елшісі Эвелин Гента, Кембридж герцогы мен герцогинясының және ханзада Гарридің бұрынғы бас жеке хатшысы (2005-2014), «Audley» агенттігінің аға кеңесшісі Джейми Лоутер Пинкертон LVO MBE DL, геосаясат саласындағы сарапшы, «EuroContinent» негізін қалаушы және президенті Пьер-Эммануэль Томанн, «ViennEast» тәуекелдерді талдау және бизнеске кеңес беру жөніндегі консалтингтік компанияның негізін қалаушы, бұрын Ұлыбритания үкіметінде жұмыс істеген Энтони Монктон, «Fordham Global Foresight» компаниясының негізін қалаушы, «Eurasia Group» жаһандық саяси тәуекелдер бөлімінің бұрынғы басшысы Тина Фордхэм, «Генри Джексон қоғамының» ғылыми қызметкері, штаттан тыс жазушы/редактор Сэм Эшворт-Хейз, сыртқы саяси зерттеулер институтының Еуразиялық бағдарламасының Орталық Азия бойынша ғылыми қызметкері Максимилиан Гесс, «The Telegraph» басылымының тұтынушыларымен жұмыс бойынша бөлімінің редакторы Гурприт Нарван қатысты.

Сарапшылар Украина дағдарысын Қазақстанның «көпвекторлы» көп жылдық саясаты үшін елеулі сынақ деп атады. Осы ұзақ мерзімді дипломатиялық жанжалды теңгеруге қатысты Қазақстанның көпвекторлы бағытын сақтаудың маңыздылығы аталды, қатысушылардың айтуынша, ол бүкіл Орталық Еуразия аумағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі факторының бірі болып қала береді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен барлық ірі геосаяси ойыншымен теңгерімді қарым-қатынас орнату мәселесінде қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.


Іс-шараға қатысушылардың айтуынша, бүгінде Президент Тоқаев жүзеге асырып жатқан көпвекторлы саясат – бұл еліміздің өмірлік маңызды мүдделерін қамтамасыз ететін және шын мәнінде Қазақстанның негізгі серіктестерінің мүддесіне сәйкес нақты жұмыс істейтін жүйе құраушы қағидат.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда Украинадағы дағдарыс жетекші ядролық державалар арасындағы қайшылықтарды түбегейлі ушықтырып, қарулану қаупін едәуір арттырды. Осыған байланысты, Қазақстанның бейбіт бастамаларының өзектілігі туралы тезис айтылды, оның ішіндегі ең маңыздысы ядролық қарусыз әлем құру.

Ақыр соңында, отырыс аясында британдық және батыс сарапшылары мен дипломаттары айтқандай, бүгінде әлем Қазақстанның маңызын, оның ішінде әлемдік энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі кепілгерлерінің бірі ретінде аталды. Әлемде өндірілетін барлық уранның 40%-дан астамы Қазақстанның еншісінде екенін атап өту жеткілікті. Қайта өркендеу және атом энергетикасының рөлін қайта қарау жағдайында Қазақстан жаһандық ауқымдағы ахуалды тұрақтандырудың елеулі факторына айналуда.