Жарияланды: 310

Лондонда Мұхтар Әбілязовтың ісі бойынша негізгі тыңдаулар басталады

Лондонда Мұхтар Әбілязовтың ісі бойынша негізгі тыңдаулар басталады

Бүгін Британия астанасында БТА Банктің шағымы бойынша 6 миллиардтан астам долларды заңсыз иеленген банктің директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтың негізгі тыңдаулары болады.

Бұл туралы РИА хабарлап отыр. Лондонның Жоғарғы соты бүгін Әбілязовқа емес, оның сыбайластарына қатысты эпизодтарды қарастырмақ. Сотқа банк басшылығының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов және БТА Банктің Мәскеудегі өкілдігінің басшысы Ильдар Хажаев, сондай-ақ банкирлердің ақшалары өткізіліп отырды деп күдіктелген кипрлік Usarel компаниясының жауапкерлері қатысады. Жуырда Англияның Апелляциялық соты Мұхтар Әбілязовты 22 айға түрмеге жабу туралы 2012 жылдың 16 ақпанындағы шешімді өз күшінде қалдырған болатын. Дегенмен, бұл шешім әзірше тек қағаз жүзінде ғана «іске асып» жатыр, ал банкирдің қайда екені әлі күнге беймәлім. Әбілязов Ұлыбританиядан қашып шығып, еуропаның бір елінде жасырынып жүр деген болжам да жоқ емес. Бұл бизнесмен 2009 жылы үстінен іс қозғалып, БТА Банк мемлекет қарамағына өткен соң, Қазақстаннан қашып кеткен еді. Әбілязов Ұлыбританиядан саяси баспана тапқан болатын. Қазір Қазақстан банкирді ірі мөлшердегі алаяқтық және қосалқы компанияларды пайдаланып банк қаражатын шетелге асырды деген айыппен оны экстрадициялауды талап етуде. Ресейде де Әбілязовқа қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін