Дегенмен таң алдында Астана әуежайына қонған спортшылармызды қарсы алушылар қатары көп болды. Басым бөлігі жастардан құралған белсенділер жарымжан спортшыларды жеңіс тұғырынан күтіп алғандай етіп қарсы алды. Ән шырқалып, әуежай ішіне көтеріңкі көңіл сыйлады. Ал өз кезегінде спортшылар жеңісіміз болмаса да жетістігіміз бар дейді. Яғни ең бастысы тәжірибе жинақтап қайттық. Үйреніп келгеніміз көп. Ендігі жолы осы тәжірибие біздің жеңіске жетуімізге көп септігін тигізетін болады дейді паралимпиада ойындарына қатысып қайтқандар.