Лондонда Қазақстан туралы кітаптың тұсаукесері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондонда Қазақстан туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Лондонда Қазақстан туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Лондонда Ұлыбритания парламенті Қауымдар палатасында осы елдің "Stacey International" компаниясы шығарған "Kazakhstan-Coming of Age" кітабының тұсаукесер салтанаты болып өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 534
Фото - Caravan.kz

Тұсаукесерді Қауымдар Палатасының мүшесі, қазақстан-британ партияаралық парламенттік тобының төрағасы Джон Манн, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов, «Stacey International» басқармасының төрағасы Том Стейсилер өткізді. Салтанатқа, сондай-ақ, британ парламентінің мүшелері, саясатшылар және журналистер қатысты.

Ресми тұсаукесерден кейін шығарушы компания бұл кітапты британ парламентінің депутаттарына, Ұлыбританияның үкіметтік және қоғамдық ұйымдарына таратуды көздеп отыр.
Компания осындай салтанатты Брюсселде де өткізіп, кітапты Еуропалық Парламент депутаттары арасында, Еуропалық Комиссия және Еуропалық экспорттық кеңес мүшелерінің арасында таратуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, «Kazakhstan-Coming of Age» кітабын АҚШ Конгресінің және Канада Парламентінің мүшелеріне жіберу жоспары да бар.
Қазақстанның тәуелсіздігі күніне арнап Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен «Kogan Page» компаниясы Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік реформалардың табыстары жайында әңгімелейтін «Doing Business in Kazakhstan» атты тағы бір кітапты шығармақшы. Бұл кітап Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі батыс елдерінің ресми және іскер орталарында үлкен қызығушылық тудырады деген сенім бар.

Соңғы жаңалықтар