Бейсенбідегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $1,5-ке өсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1069,08 (+2,46), британ фунтымен есептегенде 956,86 (+1,097) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.