Жарияланды: 370

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша алтынның бағасы түсті

Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1544,5 болды.

Дүйсенбідегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны $11-ге түсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1106,38 (-0,5), британ фунтымен есептегенде 973,956 (-2,749) болды. Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін