«ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген Шығыс Қазақстан облысының тумасы, Лондон Олимпиадасына қатысатын грек-рим палуаны Дархан Баяхметов осылай айтты.
«Себебі ол жақта бес сағат кері саналады. Демек, Қазақстанның уақыты бойынша бізде дайындық болса, Ұлыбритания жұрт ол уақытта қалың ұйқыда жатады. Спортшының организмі осыған бейімделуі тиіс. Ал ауа-райы жағынан ешбір қиындық болмайды деп білемін», — дейді Д.Баяхметов.
Айта кетейік, Қазақстанның палуандары Лондонға шілденің 27-сі күні аттанады. Сол жақта бір аптадай жаттығып, тамыздың 5-сі күні боз кілемге шығатын болады.