XIV Жазғы ойындардың жабылу салтанатында лондондық паралимпиаданың аяқталғандығы туралы мәлімдеді. Бұл туралы РИА Жаңалықтар хабарлады.
«Сток Мандевиллада 64 жыл бұрын негізін қалаған Паралимпиалық рух, соңғы 12 жылда мүлдем жаңа деңгейге шықты. Менің және барлық атлеттердің пайымынша, бұл лондондық Паралимпиаданы одан бетер ерекше, бұған дейінгі ойындардың ең кереметі етті», — деді Крэйвен.
Ол Ойындарды ұйымдастыруға қолғабыс еткендердің барлығына, соның ішінде еріктілерге, қауіпсіздікті қамтамсыз еткен әскери қызметкерлерге, барлық техникалық персоналға және медициналық қызметкерлерге алғысын білдірді.
Лондондағы XIV Паралимпиада ойындарының Алауын британдық чемпиондар — жүзуші Элли Симмондс пен спринтер Джонни Пикок сөндірді. Ойындардың жабылу салтанаты 80 мың адам жиналған Олимпиадалық стадионда әсерлі отшашумен аяқталды.
Келесі Паралимпиада 2016 жылы Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейрода өтеді.
Паралимпиадада 231 медальмен (95 алтын, 71 күміс, 65 қола) Қытайдың спортшылары көш бастады. Жалпыкомандалық екінші орынды Ресей алды — 102 награда (36 алтын, 38 күміс, және 28 қола). Үшінші орынды жарыс иелері — Ұлыбританияның құрамасы иеленді, олардың қоржынында 120 медаль бар (34, 43, 43). Қазақстандық паралимпиадашылар бұл жарыстарда өкінішке қарай, бірде-бір медаль иелене алмады.