Лондондағы Олимпиада қарсаңында Астанада күрестен Азияның лицензиялық іріктеу турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондондағы Олимпиада қарсаңында Астанада күрестен Азияның лицензиялық іріктеу турнирі өтеді

Лондондағы Олимпиада қарсаңында Астанада күрестен Азияның лицензиялық іріктеу турнирі өтеді

30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Қазақстанда алғаш рет ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына (Лондон, Ұлыбритания) грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азияның лицензиялық іріктеу турнирі өтеді.

  • 26 Наурыз 2012
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында ҚР Күрес федерациясы хабарлап отыр.

Жарысқа сары құрлықтың 22 елінен командалар келмек. Қатысушылар арасында әлемнің азулы балуандары да бар. Бүгінде ресми делегациялар Астанаға келуді бастады.

Осыған орай, 28 наурыз күні сағат 12.00-де «Дәулет» спорт кешенінде журналистерге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Жиынға ҚР Күрес федерациясының президенті, ФИЛА Бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов, грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мұратбек Қасымханов, еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алтай Танабаев, әйелдер еркің күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Саржан Жақсыбеков және Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов қатысады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера