Lonely Planet Қазақстанды саяхаттауға арналған ең жақсы елдер қатарына қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Lonely Planet Қазақстанды саяхаттауға арналған ең жақсы елдер қатарына қосты

Lonely Planet Қазақстанды саяхаттауға арналған ең жақсы елдер қатарына қосты

Lonely Planet порталы құрастырған 2021 жылы саяхаттауға ең жақсы елдер тізіміне Қазақстан да енді.

  • 18 Қараша 2020
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тізім үш санат бойынша бөлінген: "Даму саласының үздіктері", "Қауымдастықтар" және "Тұрақты даму". Олардың әрқайсысы шағын номинацияларға бөлінген. Мысалы, "Ең жақсы аралдар", "Ең жақсы қала", "Мәдениет саласының үздіктері", "Ең жақсы инклюзивті турлар" және т.б.

Қала сыртындағы демалыс базалары үшін Қазақстан "Қауымдастық" санатындағы "Ең жақсы туристік орналастыру" номинациясын жеңіп алды. Lonely Planet порталы атап өткендей, шетелдіктерді елдегі Ұлы Жібек Жолының мұрасы қатты қызықтырады. Бірақ туристерді тарту үшін заманауи ыңғайлы инфрақұрылым қажет.

Сондай-ақ, Lonely Planet порталы біздің ел туралы бейне-презентация жариялады. Саяхатшы Гаэль Боконго Қазақстанда өмір сүрген әсерімен бөліскен.

"Шетсіз-шексіз ұлан-ғайыр далада атпен серуендеу, табиғат аясында демалу, ауылда экскурсиялар мен аспаздық сабақтар өте қолжетімді. Саяхатшы бесбармақ пісіруді немесе домбыра тыңдауды үйреніп жатқанына қарамастан, оның ақшасы жергілікті қауымдастықтың дамуына жұмсалатынына сенімді. Қазақстан көпшіліктің назарында болуға дайын сияқты. Тілін, дәстүрі мен мәдениетін жете білмейтін елде турист үшін өзін жақсы сезіну өте маңызды. Бұл менің Қазақстанның солтүстігіндегі ауылдардан бір үйде болуды шешкенімнің бір себебі болды. Бұл осы елдің дәстүрімен әдет-ғұрыптарымен байланысудың, оның әлемге ашықтығын көрудің жалғыз жолы. Бұл — ең жақсы шешім болды", — деді Боконго.

Саяхатшы көрікті жерлердің ішінде Көлсай көлдері мен табиғи серуендеу бағытын атап өтті. Ол сонымен қатар, шалғайдағы таулы аймақтарда өмір сүру жағдайлары қоршаған ортаға оң әсер етеді деп қосты.

Lonely Planet бас директоры Луис Кабрера өз кезегінде экологиялық жауапкершілікке, тұрақты дамуға және саяхат кезінде жергілікті қоғамдастыққа көп көңіл бөлу керек деп санайды.


"Биыл біздің әлем пандемияға байланысты толығымен тоқтап қалды. Бірақ болған жағдай біздің оқырмандарымызды қалай жауапкершілігі мол саяхатшыларға айналдырып, оң өзгерістердің агенттері бола алатынымызды тағы бір рет ойлауға мүмкіндік берді", — деді ол.

Шведтік Гетеборг ең жақсы экологиялық қала ретінде таңдалды. Грекия ең жақсы асханасы бар ел ретінде таңдалды.

Бұрын интернет қолданушылары саяхаттау үшін ең жақсы елді таңдаған еді. Sun Travel Awards сыйлығына дауыс беруге The Sun таблоидының бірнеше мың оқырманы қатысты. Сауалнамаға сәйкес, Италия саяхаттауға ең жақсы ел болды, АҚШ пен Греция ең тартымды туристік бағыттар ретінде аталды.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz — үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

Соңғы жаңалықтар