Лос-Анжелесте Қазақстан киносының фестивалі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лос-Анжелесте Қазақстан киносының фестивалі өтуде

Лос-Анжелесте Қазақстан киносының фестивалі өтуде

11 маусымнан бастап Лос-Анжелесте алғашқы Қазақстан киносының фестивалі өтіп жатыр,

  • 14 Маусым 2011
  • 338
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінен.

«Қазақстан: картиналар калейдоскобы» деген атаумен өтіп жатқан фестивальді Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысов ашып, Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуы туралы әңгімелеп берді. Елші сондай-ақ халықтардың жақындастыратын және екі ел азаматтарының арасындағы қарым-қатынастарды кеңейте түсетін мәдени ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудың маңыздылығын атап көрсетті.

Фестивальдің ашылу рәсіміне арнайы шақырылған «Тұран» фольклорлық+-этнографиялық ансамблі Ұлы даланың ежелгі әуендерін орындап, американ тыңдармандарын өз өнерлеріне тәнті етті.

Кинофестиваль аясында көрсету үшін американдық ұйымдастырушылар «Келін» (2009), «Бақсы» (2008), «Шиза» (2004), «Рэкетир» (2007), «Кек» (1989), «Атамекен» (1966), «Сталинге сыйлық» (2008), «Көшпенділер» (2005) және «Қызғалдақ» (2008) фильмдерін іріктеп алды. Қазақстандық фильмдер Лос-Анжелесте 26 маусымға дейін көрсетіледі.

Лос-Анжелестегі фестивальдің мақсаты — қазақстандық киноиндустрия мен Голливудтың арасындағы іскерлік серіктестікті дамыту болып табылады. Бұл шараны Қазақстан Елшілігі, Қазақстанның Лос-Анжелестегі Құрметті консулдығы, Калифорния Университетінің фильмотекасы, Хаммер мұражайы ұйымдастырып отыр.