Лотереядан 600 мың АҚШ долларын ұтқан азаматты уландырды
Лотереядан 600 мың АҚШ долларын ұтып алған Чикаго тұрғыны цианидпен уландырылды. Полиция осындай тұжырымға келді. |
Чикаго тұрғыны Уруж Хан өзінің ұтысын алып кеткен соң келесі күні қайтыс болды. Дәрігерлер оның өлімін табиғи себептермен болды деп есептеген еді. Дегенмен туыстарының сұрауы бойынша сот-медициналық сарапшылар қайта зерттеу жүргізіп, Ханның денесінен цианидтің іздерін тапты.
Химиялық тазарту қызметінің иесі болып табылатын Хан ұтысын қарыздарынан құтылып, өз ісін жолға қоюды мақсат тұтқан еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін