LRT Қосшыға дейін созылады - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
LRT Қосшыға дейін созылады

LRT Қосшыға дейін созылады

Астанадағы LRT-ның келесі тармағы Қосшы бағытына қарай жүргізіледі

  • 29 Қазан
  • 7
ФОТО: Tengrinews.kz

Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімнің айтуынша, күн сайын Қосшыдан Астанаға 15-тен 20 мыңға дейін автомобиль кіреді, бұл қала жолдарына үлкен жүктеме түсіреді.

«Қосшы қарқынды дамып келеді, ол — Астанаға көмектесіп отырған ірі серіктес қала. Сондықтан Қосшы мен Астана арасында белсенді қатынас бар, келесі кезеңді осы бағытта салуды жоспарлап отырмыз», — деді әкім.

Қасымбектің айтуынша, бұл жобаның екінші кезеңнің бір тармағы ғана. Екінші тармағы Сығанақ көшесі арқылы Тұранға, әрі қарай қаланың ескі бөлігіне – ескі теміржол вокзалына дейін өтеді. Қосшыға баратын бөлігін бір жарым жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, әкім Қосшы бағытына қарай жүретін желінің бір бөлігі жер үстімен өтетінін айтты.

Перейти к новостям спорта