Луговое ауылындағы жер сілкінісінен қирап қалған үйлерді қалпына келтіруге атсалысқан Екібастұздық "Жан и К" фирмасының басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Луговое ауылындағы жер сілкінісінен қирап қалған үйлерді қалпына келтіруге атсалысқан Екібастұздық "Жан и К" фирмасының басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Луговое ауылындағы жер сілкінісінен қирап қалған үйлерді қалпына келтіруге атсалысқан Екібастұздық "Жан и К" фирмасының басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысы Луговое ауылындағы жер сілкінісінен қирап қалған үйлерді қалпына келтіруге атсалысқан Екібастұздық "Жан и К" фирмасының басшыларының үстінен ҚР қылмыстық Кодексінің 176-бабы бойынша, сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иемденіп алу немесе жұмсап жіберу жөнінде қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Валерий Набитовский баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 8 Қаңтар 2004
  • 514
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жер сілкінісінен қирап қалған ауылды қалпына келтіру жұмыстары 2003-жылдың маусым-қазан айлары аралығында ҚР үкіметінің «Жамбыл облысындағы әлеуметтік маңызды нысандарды қалпына келтіру және жер сілкінісінің залал-зардаптарын жою шаралары жөніндегі» қаулысына сәйкес жүзеге асырылған. Луговое ауылындағы құрылыс жұмыстарына Екібастұздық үш фирма, атап айтсақ, мердігер ретінде «Жан и К» ЖШС, ал субмердігерлер ретінде «Әке» және «Серпіліс» ЖШС-тері қатысты. Алайда, субмердігерлік ұйымдардың 40-қа жуық құрылысшысы жұмыс аяқталғаннан кейін жалақысын ала алмады. «Жан и К» ЖШС-нің субмердігерлер алдындағы берешегі шамамен 3 млн. теңгені құрайды.

В.Набитовскийдің айтуынша, «бас мердігер «Павлодарқұрылысжолы» ЖШС мен «Жан и К» ЖШС арасындағы келісім-шартына сәйкес аталмыш қаржыны бас мердігер толық көлемде өтеген. Алайда, субмердігерлік ұйымдардың белгісіз себептермен қаржыны толық көлемде ала алмауы салдарынан жұмысшыларға жалақы берешегі түзілді».
Екібастұз қалалық ІІБ-нің хабарлауынша, субмердігерлік «Әке» және «Серпіліс» ЖШС-нің басшылары мен фирма жұмысшыларының арызы негізінде «Жан и К» ЖШС-нің директоры мен атқарушы директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, В.Набитовскийдің айтуынша, облыстағы фискалдық мекемелер «Жан и К» ЖШС-нің қаржыны артық көлемде жұмсап жіберу себептерін тексеруде.
Павлодар облыстық бюджетінен Луговое ауылында үйлер салуға арнап 115 млн. теңге бөлінген. Үйлер толық салынып, пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар