Луина төсін не үшін үлкейткенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Луина төсін не үшін үлкейткенін айтты

Луина төсін не үшін үлкейткенін айтты

Жуырда төсін үлкейтіп, операция жасатқан Луина не себепті мұндай қадамға барғанын түсіндірді. Ол отадан бері он күн өткенін, алғашқыда жайсыз сезінгенімен, бүгінде бақытты екенін жеткізді.

  • 5 Мамыр 2018
  • 452
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Гәкку” арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Бәрі керемет, бүгін жасатқаныма 10 күн толуда. Бұл жайында мен жиі трансляция жасап тұрамын. Өйткені сұрап, білгілері келеді. Елге қызық, көпшілікке ұнап жатыр”, – дейді Луина.

Әдетте қыз-келіншектер омырауын үлкейткен жағдайда, оны жасыруға тырысады. Тек Луина емес. Әнші оның себебін былай деп түсіндірді:

“Иә, мен оны жасырмаймын. Елден бәрібір жасыра алмайсың ғой. Сондықтан төсімді үлкейткенімді жасырғым келген жоқ. Қазір өзімді керемет сезінемін. Тіпті, қолымды көтере аламын”.

Сондай-ақ, Луина не себепті төсін үлкейткенін түсіндірді.

“Менің төсім кішкентай. Онымен қоса, пікір білдірушілер мен хейтерлер жиі менің төсімнің қайда екенін сұрап, үлкейтуге кеңес беретін. Міне, мен ешкімнің көңілін қалдырмау үшін осы отаны жасаттым”.


Оқи отырыңыз:

«Меломен» тобының жігіттері Байзақова мен Ninety one-ды сабауға шақырды
Енді көлікке берілетін мемлекеттік нөмірді жүргізушілер тегін таңдай алады
Елбасы Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Соңғы жаңалықтар