Лукашенконың Қазақстанға сапары барысында бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылады деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лукашенконың Қазақстанға сапары барысында бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылады деп күтілуде

Лукашенконың Қазақстанға сапары барысында бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылады деп күтілуде

Беларусь президенті Александр Лукашенконың елімізге ресми сапары барысында бірқатар екі жақты үкіметаралық келісімдерге қол қойылады деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Мамыр 2005
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 18-мамыр күні түстен кейін Беларусь лидері Астанаға келеді. Сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенконың бетпе-бет кездесуі, сондай-ақ, екі ел өкілдерінің кеңейтілген құрамдағы бас қосуы өтеді.

Беларусь СІМ-нің ақпаратына сәйкес, кездесулер барысында отын-энергетикалық кешенді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады. Бұл — көлем мен сауда-саттық шарттары нақтыланбайтын рамкалы келісім болады деп күтілуде.
Беларусь СІМ-нің түсініктемесіне жүгінсек, Беларусь жағы отын-энергетика саласы бойынша Қазақстанмен өзара ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің жобасын сонау 2004-жылдың басында дайындаған. Онда Қазақстаннан жылына 2 млн. тонна мұнай сатып алу мүмкіндігі қарастырылды.
Беларусь СІМ-нің ақпаратына сәйкес, 2005-жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 24,3 млн. долларды құрап, 2004-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 66,3 процентке артты. Қазақстанға Беларусь Республикасынан негізінде машина жасау және химия өнімдері экспортталады. Беларусь экспортын дамыту жөніндегі 2000-2005-жылдарға арналған ұлттық бағдарлама бойынша Қазақстан бұл елдің ТМД аясындағы негізгі сауда әріптесі ретінде айқындалған.

Перейти к новостям спорта