«ЛУКОЙЛ» ААҚ 15 проценттік үлеспен біріккен Karachaganak Petroleum Operating (KPO) халықаралық консорциумы ұзындығы 635 шақырымдық «Қарашығанақ-Үлкен Шаған-Атырау» құбырымен Қарашығанақ кенішінен Каспий құбыр консорциумы жүйесіне (КТК) мұнай тасымалдау жұмыстарына 2004-жылдың орта шенінен бастап кіріскен.
КТК құбыр жүйесімен Қарашығанақ мұнайын тасымалдау көлемі жылына 6,5 млн. тоннаға жеткізіледі. Тамызда ай сайын тасымалданатын мұнай көлемі 600 мың тоннаға жетеді деп күтілуде.
2001-жылдың қазан айында пайдалануға берілген «Теңіз-Новоросийск» құбыр жүйесімен қазір айына 1,6 млн. тонна мұнай тасымалдануда. Қарашығанақ кеніші іске қосылу нәтижесінде алдағы бірнеше айда КТК айына 2 млн. тонна, немесе жылына 24 млн. тонна (тәулігіне 500 мың баррель) мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр.
Қарашығанақ мұнайы құбырмен тасымалдана бастау нәтижесінде КРО КТК құбыр жүйесін мұнаймен қамтамасыз етуші «Теңізшевройл» ЖШС-нен кейінгі екінші ірі компанияға айналады.