"ЛУКОЙЛ" мен "ҚазМұнайГаз" Каспий теңізінің Қазақстандық және Ресейлік бөліктерінде көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру жөніндегі келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ЛУКОЙЛ" мен "ҚазМұнайГаз" Каспий теңізінің Қазақстандық және Ресейлік бөліктерінде көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру жөніндегі келісімге қол қойды

"ЛУКОЙЛ" мен "ҚазМұнайГаз" Каспий теңізінің Қазақстандық және Ресейлік бөліктерінде көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру жөніндегі келісімге қол қойды

9-қыркүйекте Астанада "ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд." Компаниясының атынан осы компанияның президенті Андрей Кузяев пен "ҚазМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның бірінші вице-президенті Тимур Құлбаев Каспий теңізінің Қазақстандық және Ресейлік бөліктерінде көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру жөніндегі екі опциондық келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ЛУКОЙЛ" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2003
  • 599
Фото - Caravan.kz

Қол қойылған бұл келісім ақпан айында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум мен үстіміздегі жылдың маусым айында қол қойылған ынтымақтастық принциптері туралы келісімнен кейінгі Каспий қайраңындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың кезекті кезеңі болып табылады.

Тараптар екі елдің теңіздегі аумақтық шельфтеріндегі болашағы бар теңіз учаскелерін өзара ынтымақтастыққа негіз ретінде белгілеп отыр. «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ мен «ЛУКОЙЛ» ААҚ өз қарамақтарындағы геологиялық ақпаратпен бөлісіп, учаскелерге алдын-ала дербес баға беру операцияларын жүзеге асырды.
Қол қойылған келісімге сәйкес Қазақстан жағы Ресей тарапынан жүктеп алған міндеттемелер орындалған жағдайда «ЛУКОЙЛ» ААҚ-ның Каспий қайраңының Қазақстандық екі учаскесін игеруге 50 проценттік қатысу мүмкіндігін кепілдендіреді. Өз кезегінде «ЛУКОЙЛ» ААҚ да «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның Каспий теңізінің ресейлік учаскелерін игеруге қатысу мүмкіндігіне кепілдік беруі тиіс.
Тараптардың бағасына қарағанда, қол қойылған келісім- бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін айқындайтын маңызды құжат болып табылады.

Соңғы жаңалықтар