"Лукойл Оверсиз" компаниясы Маңғыстау облысында "Арай" атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды одан әрі жалғастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Лукойл Оверсиз" компаниясы Маңғыстау облысында "Арай" атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды одан әрі жалғастыруда

"Лукойл Оверсиз" компаниясы Маңғыстау облысында "Арай" атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды одан әрі жалғастыруда

Ақтау. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облыстық әкімшілігінде кеше "Лукойл Оверсиз" компаниясының Қазақстандағы өңірлік директоры әрі Каспий өңірі бойынша вице-президент Искандер Насыров пен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев "Арай-2008" жобасының алғашқы он жеңімпазына гранттарды табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2008
  • 514
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік әріптестік аясындағы «Арай-2008» жобасы аясында жарияланған байқауға ағымдағы жылы 643 өтінім түскен, ал былтыр ондай өтінім саны 200 болыпты. 2008 жылы жалпы өтінімдерден 447 жоба іріктеуге жіберілді. «Маңғыстау облысындағы ауыл тұрғындарның ең лайықты әрі экономикалық негізі бар бизнес-жобалары таңдалды», — деді И. Насыров.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007 жылы пилотты жоба аясындағы байқауға 178 адам қатысқан. Комиссия 32 бизнес-жоспарды таңдаулы деп танып, гранттар бөлді. Компания бюджетті шектемей, енді облыстың барлық 5 ауданында да жобаларды жүзеге асырмақшы. «Арай-2008» бағдарламасына қатысушы әрбір адам өз бизнесі мен шығармашылық дарынын дамытуға 850 мың теңгеге дейін қайтарымсыз грант алуға мүмкіндігі бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар