ЛУКОЙЛ сәуірдің аяғына дейін PetroKazakhstanға қарсы сотқа бірнеше арыз бермекші - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЛУКОЙЛ сәуірдің аяғына дейін PetroKazakhstanға қарсы сотқа бірнеше арыз бермекші

ЛУКОЙЛ сәуірдің аяғына дейін PetroKazakhstanға қарсы сотқа бірнеше арыз бермекші

"ЛУКОЙЛ Оверсиз Кумколь Б.В." компаниясы алдағы уақытта "PetroKazakhstan Inc" компаниясына қарсы сотқа бірнеше арыз бермекші. Бұл туралы бүгін, 14-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында "ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Лтд." компаниясының Қазақстандағы аймақтық директоры Борис Зильберминц мәлімдеді.

  • 14 Сәуiр 2005
  • 339
Фото - Caravan.kz

«ЛУКОЙЛ-дың PetroKazakhstan мен оның Қазақстан аумағындағы еншілес құрылымдарына тағатын кінәсі көп. Шағымдар 2005-жылғы сәуір айының аяғына дейін сотқа тапсырылады, бұл іс алдағы екі аптада аяқталады»,- деді аймақтық директор.

Б.Зильберминцтің айтуынша, шағымдардың құны «жүздеген миллион долларға» жетеді. Осыған байланысты ол тіпті «PetroKazakhstan компаниясының мүлкін немесе есепшотын тұтқындау туралы талап қойылу» мүмкіндігін жоққа шығармайды. «Өкінішке орай, сот шешімдері мүлдем орындалмай қалатыны бізге бұрын да ащы сабақ болған»,- деді ол.
Б.Зильберминц осы орайда «ЛУКОЙЛ Оверсиз Кумколь Б.В.» компаниясы мен «ТорғайПетролеум» ЖАҚ «PetroKazakhstan Inc» компаниясынан 100 млн. доллар өндіріп алу туралы Стокгольм Сауда палатасының Арбитраждық институтына арбитраждық талап-шағым жолдағанын еске салды. Б.Зильберминц соттағы дау-дамайлар 2 жылға созылады деп бағалауда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шағым иелері «PetroKazakhstan Inc» компаниясынан «ТорғайПетролеум» ЖАҚ-ына 2003-жылғы қазан айы мен 2004-жылғы қараша айлары аралығында сатылған тауарлық мұнайдың нарықтағы құны мен нақты төленген баға арасындағы айырмашылықты өтеп беруді талап етуде. «Торғай Петролеум» ЖАҚ «ПетроҚазақстан» компаниясынан 100 млн. доллар көлемінде берешекті талап етіп отыр.

Перейти к новостям спорта