Лұқпан Ахмедияровқа жасалған шабуыл бойынша қылмыстың беті ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лұқпан Ахмедияровқа жасалған шабуыл бойынша қылмыстың беті ашылды

Лұқпан Ахмедияровқа жасалған шабуыл бойынша қылмыстың беті ашылды

Биылғы сәуірде «Орал апталығы» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедияровқа жасалған шабуыл бойынша қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

  • 28 Желтоқсан 2012
  • 340
Фото - Caravan.kz

«Барлық 3 тікелей орындаушы, сондай-ақ бұрын сотты болған жергілікті «Тайпақтықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болып шыққан шабуылдың ұйымдастырушысы анықталды және ұсталды. Күдіктілердің кінәларын мойындау жөніндегі жауаптары Ахмедияровпен болған беттестірумен, алынған травматикалық тапаншамен, сондай-ақ іс бойынша жинақталған басқа да дәлелдемелердің жиынтығымен расталды»,-деді ресми өкіл.

Н. Сүйіндіков бүгінде қамауға алынған қылмыстың ұйымдастырушысы жауап беруден бас тартқанын, тергеу қылмыстың ниетін және шабуылға ықтимал тапсырыс берушіні анықтауға бағытталған шараларды жалғастырып жатқандығын атап өтті.

Айта кетейік, биылғы мамырда Ахмедияровқа шабуыл жасады деген күдікпен қылмысты мойнына алған басқа екі азамат ұсталған.

«Алайда, прокуратурамен жүргізілген тексерумен оқиғаның қылмысты жасау тәсілінде, уақытында және оқиғаның басқа да мән-жайларында айқын келіспеушіліктер анықталды. Жәбірленуші оларды шабуыл жасаушылар ретінде тани алмады. Осыған байланысты олардың мойындау туралы берген жауаптарына қарамастан, прокуратурамен оларды қамаудан босату және қылмыстық қудалауды доғару туралы шешім қабылданды», — деп түсіндірді Н. Сүйіндіков.