«Бұл көрсеткіш әлем мұражайларының арасында Луврдың алда тұрғанын көрсетеді», — деп жазылған мұражай басшылығының хаттамасында.
«2012 жылда келушілер саны 2011 жылмен салыстырғанда 1 миллионға артқан», — деп көрсетілген құжатта.
Мұражайдың тұрақты келушілерімен қоса, 2012 жылы уақытша көрмені тамашалағандардың саны 660 мыңнан асып жығылады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 29% артық.
Дәлірек айтсақ, 14 қаңтарға дейін созылатын «Рафаэль. Последние годы» көрмесін 310 мың адам тамашалап үлгерген.
Сондай-ақ, «Туристер көбінесе Қытай, АҚШ, Бразилия елдерінен» екенін айта кеткен жөн.
Аударған: Заира Сабитова
Материал Интерфакс-Қазақстан агенттігінің сайтынан алынған.