Caravan Logo

Лувр 2012 жылы рекорд орнатты

Лувр 2012 жылы рекорд орнатты

"Бұл көрсеткіш әлем мұражайларының арасында Луврдың алда тұрғанын көрсетеді", - деп жазылған мұражай басшылығының хаттамасында.

"2012 жылда келушілер саны 2011 жылмен салыстырғанда 1 миллионға артқан", - деп көрсетілген құжатта.
Мұражайдың тұрақты келушілерімен қоса, 2012 жылы уақытша көрмені тамашалағандардың саны 660 мыңнан асып жығылады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 29% артық.
Дәлірек айтсақ, 14 қаңтарға дейін созылатын "Рафаэль. Последние годы" көрмесін 310 мың адам тамашалап үлгерген.
Сондай-ақ, "Туристер көбінесе Қытай, АҚШ, Бразилия елдерінен" екенін айта кеткен жөн.

Аударған: Заира Сабитова
Материал Интерфакс-Қазақстан агенттігінің сайтынан алынған.