"Люфтганза" әуе компаниясы Азиялық бағыттағы ұшулар санын арттыра бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Люфтганза" әуе компаниясы Азиялық бағыттағы ұшулар санын арттыра бастады

"Люфтганза" әуе компаниясы Азиялық бағыттағы ұшулар санын арттыра бастады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы беймәлім өкпе қабынуының таралуына байланысты ахуал тұрақтанды, вирустың жолына тосқауыл қойылды деп жариялауына байланысты "Люфтганза" әуе компаниясы Азиялық бағыттағы ұшулар санын арттыра бастады . Бұл туралы аталмыш әуе компаниясы өкілдігінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 2 Шiлде 2003
  • 723
Фото - Caravan.kz

Шілдеден бастап «Люфтганза» әуе компаниясы Қытайдың негізгі қалаларына апта сайынғы 19 тұрақты рейс шығара бастамақ. Ал қазір әуе компаниясы Шанхай қаласына күн сайын, ал Пекин және Гонконг бағытында апта сайын рейстер ұшыруда. Шілдеде Пекин қаласына аптасына бес мәрте, ал Гонконг және Шанхайға күн сайын рейс шығару жоспарланып отыр. Ал тамыз айынан бастап аталмыш үш қалаға күнделікті сапар жасала бастайды.

Беймәлім өкпе қабыну індеті , әлемді шарпыған экономикалық құлдырау мен Ирактағы соғыстың салдары дүние жүзінде әуе тасымалы қызметіне деген сұранысты шұғыл құлдыратып жібергені белгілі. Соңғы бірнеше аптаның ішінде Азиялық бағыттағы кейбір ұшырылымдарға деген сұраныс 86 процентке дейін азайған көрінеді. Соның кесірінен Азиялық бағыттағы негізгі рейстер саны едәуір қысқарып, атқарылған рейстердің өзі шағын ұшақтарды қолдануға көшті.

Соңғы жаңалықтар