Жарияланды: 470

М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер инстиутында Ләйлә Мұхтарқызының өмірі мен шығармашылығына арналған кабинет ашылды

Алматыдағы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында көрнекті ғалым, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының негізін қалаушы Ләйлә Әуезованың өмірі мен шығармашылығына арналған кабинет ашылды.

Ләйлә Мұхтарқызы 1929 жылы өмірге келіп, 1993 жылы 64 жасында өмірден озған болатын. Әдебиет зерттеушісі М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің шығыс бөлімін (1952), одан кейін КСРО ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын (1955) бітірген. 1958 жылы «XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда егіншіліктің дамуы» деген тақырыпта тарих ғылымдарының кандидаттық, 1975 жылы «М.О.Әуезов творчествосындағы Қазақстан тарихының проблемалары («Абай жолы» эпопеясының материалы бойынша)» атты докторлық диссертация қорғады. 1956-1962 жылдар аралығында Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында қызмет атқарды. 1963-1993 жылдары М. Әуезов тұрған үйде ашылған әдеби-мемориалдық мұражайдың меңгерушісі, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әуезовтің шығармашылық мұраларын зерттеу бөлімін басқарды. Әуезовтануға елеулі үлес қосқан әдебиет зерттеушісі 1977 жылы жарық керген «М.О.Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихының мәселелері» атты монографиясы мен жазушының ғылыми-мәдени мұрасы туралы топтама еңбегі үшін 1980 жылы ҚазССР ҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлық иегері атанған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін