М. Әуезов: Орталық Азия халқы әлемдік ірі державалардың ойын нысанына айналмауы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М. Әуезов: Орталық Азия халқы әлемдік ірі державалардың ойын нысанына айналмауы тиіс

М. Әуезов: Орталық Азия халқы әлемдік ірі державалардың ойын нысанына айналмауы тиіс

Мұхтар Әуезов қорының жетекшісі, қазақтың ұлы жазушысының ұлы Мұрат Әуезов, Орталық Азия халықтары әлемдік ірі державалардың ойыншығына айналмауы үшін бастарын біріктіруі тиіс, деп есетейді, деп ҚырТАГ хабарлады.

  • 22 Маусым 2011
  • 654
Фото - Caravan.kz

«Орталық Азияның барлық халықтары бауырлас халықтар… Өкінішке қарай біз мұны бүгін ұмытып барамыз. Қазақстан өз тарихын жазып жатыр, Қырғызстан, Өзбекстан мен Орталық Азияның басқа мемлекеттері де – барлығы өз тарихтарын жазып жатыр. Ал тарихтың әркелкілігі пікір алшақтығын тудырып, сол үшін тарихтар соғысы басталды. Орта Азия халықтары ыдырау үдерісіне қарсы тұру және әлемдік ірі державалардың қолындағы қуыршаққа айналмас үшін бастарын біріктіруі тиіс», — деді М. Әуезов сәрсенбі күні өткен «Орталық Азиядағы азшылықтың құқығын қорғау – қоғамдық өмірге тиімді араласу» атты конференцияда сөйлеген сөзінде.

Бұл ретте ол қазақ-қырғыз қарым-қатынасын сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Ғасырлар бойы қазақ-қырғыз тату көрші тұрып, атадан-балаға өзара тамаша қарым-қатынасын мирас етіп қалдырып отырды. Өз кезінде қырғыздардың «Манас» эпосы туралы әлем жұртшылығына қазақтың ғалымы Шоқан Уәлиханов мәлім етті, ол аз десеңіз, кеңестік дәуірде халық эпостарына, оның ішінде «Манас» эпосына қудалау басталғанда, Мұхтар Әуезов эпосты қорғап сөз сөйлеген», — деп еске салды М. Әуезов.

Ол Қазақстан халқы ассамблеясы көп жылдары Қазақстанда жемісті жалғасып келе жатқан «Жібек жолының бойындағы сұхбат» атты пікірталастық семинарды Қырғызстандағы Ыстықкөл жағалауында өткізуді ұсынды.

«Аталған шараны өткізудегі мақсат – этностар арасындағы қарым-қатынастарда туындаған мәселелерді шешуде консенсустар мен жаңа жолдарды және мүмкіндіктерді іздестіру болып табылады…

Этностар арасындағы қарым-қатынасқа деген мәселеге көз жұмбалықпен қарауға болмайды. Біз проблемалар туралы айтуымыз керек, елімізде тұрып жатқан әрбір аз халықтың, әрбір жеке адамның проблемасын қарастыруымыз тиіс. Тек сонда ғана әрбір этностың өкілдері оның отаны Орталық Азия екендігін сезінеді. Тек сонда ғана біз Орталық Азия территориясында мекен ететін халықтар бірлігі мен достығы туралы айта аламыз», — деп тұжырымдады М. Әуезов.

Соңғы жаңалықтар