Жарияланды: 580

М. Елеусізов: Алматыда шенеуніктер ағаш кесуді бизнеске айналдырды

М. Елеусізов: Алматыда шенеуніктер ағаш кесуді бизнеске айналдырды

«Табиғат» экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов Алматы мен қала маңында ағаштардың заңсыз қырқылуына наразылық білдірді.

«Құрылыс қызу жүрген шақта үйлердің орнындағының бәрін құртты. Қазір құрдан- құр кесіп жатыр, көшелер қаңырап қалды. Ең жақсы, бағалы ағаштарды қырқып жатыр. Мен мұны шенеуніктердің сорақылығы деп есептеймін», - деп мәлімдеді М.Елеусізов дүйсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында. Экологтың айтуынша, қазір қоршаған ортаны қорғау басқармасындағы шенеуніктер ағаш қырқуды бизнеске айналдырған. Сонымен қатар, табиғат жанашыры Алматы маңындағы ағаштардың жаппай шабылып жатқанын тілге тиек етті. «Жақында біз Еркін ауылына бардық. Әкім жас теректерді де шаптырып тастаған, шамасы сататын болуы керек», - деп мәлімдеді ол. Осыған орай, М.Елесізов қаржы полициясынан әкімнің бұл әрекетінің заңға қаншалықты қайшы келетінін тексеруді сұрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін