М. Құл-Мұхаммед: 2017 жылға қарай елімізде қазақ тілін меңгергендер саны 80 пайызға жетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М. Құл-Мұхаммед: 2017 жылға қарай елімізде қазақ тілін меңгергендер саны 80 пайызға жетеді

М. Құл-Мұхаммед: 2017 жылға қарай елімізде қазақ тілін меңгергендер саны 80 пайызға жетеді

2017 жылға қарай елімізде қазақ тілін меңгергендер саны 80 пайызға жететініне еш күмән жоқ.

  • 6 Маусым 2011
  • 646
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Мәселен, 2017 жылы мемлекеттік тілді еркін меңгерген қазақстандықтар саны 80 пайызға жетсе, 2020 жылы олар 95 пайыздан кем болмауы тиіс. Осыған күмән келтіретін адамдар да баршылық. Соған қатысты түсініктеме бергім келеді, бүгінгі күні Қазақстандағы қазақтардың саны 65 пайыз. Егер 1991 жылы солардың ішінде қазақша түк білмейтіндер болса, бүгінгі күні қазақша мүлдем білмейтін қазақ жоқ. Ауызекі тілде барлық қазақ ана тілін меңгерген, айтқан сөзді де түсінеді. Бәлкім тіл шорқақтығынан сөйлеуге ұялатын болар. Сонымен қатар, бұл топтың барлығы бірдей қазақ тілін әдеби деңгейде меңгеріп кетеді деп айта алмаймыз. Бірақ, қазақстандықтардың қазақ тілін ауызекі тілде білу деңгейінің 2017 жылға қарай 80 пайызға көтерілетініне менің еш күмәнім жоқ. Өйткені, қазақтардың өзі 65 пайыз болса, аржағындағы 15 пайызды толтыру да оңай», — деді М. Құл-Мұхаммед. Оның айтуынша, алдағы онжылдықтағы басты мақсат — Қазақстанда тұратын барлық этностар тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

Соңғы жаңалықтар