Жарияланды: 460

М. Құл-Мұхаммед: Қазақстанға латыншаға өту тиімді

М. Құл-Мұхаммед: Қазақстанға латыншаға өту тиімді

Қазақстан мәдениет министрі М. Құл-Мұхаммед қазақстанға латыншаға өту тиімді деп есептейді.

«Елбасы Қазақстан халқының Ассамблеясында сөйлеп, екі рет латыншаға өту мәселесіне мұқият қарау керектігін ескертті. Латыншаға өту – ол уақыт талабы және егер ғылыми-педагогикалық қауымдастық бұл идеяны қолдайтын және ол біздің қоғам үшін өте тиімді болса, онда міндетті түрде латыншаға өтуіміз керек», - деді ол дүйсенбі күні мәжілістегі үкімет сағатында. «Менің жеке көзқарасыма келсек, мен оны қандай да саяси тұрғыдан емес, тек ақпараттық технологиялар ғасырында көштен кеш қалмау үшін латыншаға өтуді қолдағанмын», - деді министр. «Қараңыздаршы, алдарыңызда компьютерлер: Қазақ тілінде сіз 41 әріпті, орысшада 33 әріпті, ал арабшада 28 әріпті теруіңізге тура келеді. Латыншада 25-26 әріп», - деп латыншаға өтудің тиімділігін министр атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін