М. Құл-Мұхаммед: Қазақстанға латыншаға өту тиімді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М. Құл-Мұхаммед: Қазақстанға латыншаға өту тиімді

М. Құл-Мұхаммед: Қазақстанға латыншаға өту тиімді

Қазақстан мәдениет министрі М. Құл-Мұхаммед қазақстанға латыншаға өту тиімді деп есептейді.

  • 6 Маусым 2011
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Елбасы Қазақстан халқының Ассамблеясында сөйлеп, екі рет латыншаға өту мәселесіне мұқият қарау керектігін ескертті. Латыншаға өту – ол уақыт талабы және егер ғылыми-педагогикалық қауымдастық бұл идеяны қолдайтын және ол біздің қоғам үшін өте тиімді болса, онда міндетті түрде латыншаға өтуіміз керек», — деді ол дүйсенбі күні мәжілістегі үкімет сағатында.

«Менің жеке көзқарасыма келсек, мен оны қандай да саяси тұрғыдан емес, тек ақпараттық технологиялар ғасырында көштен кеш қалмау үшін латыншаға өтуді қолдағанмын», — деді министр.

«Қараңыздаршы, алдарыңызда компьютерлер: Қазақ тілінде сіз 41 әріпті, орысшада 33 әріпті, ал арабшада 28 әріпті теруіңізге тура келеді. Латыншада 25-26 әріп», — деп латыншаға өтудің тиімділігін министр атап өтті.

Соңғы жаңалықтар