Жарияланды: 1200

М. Тәтімов: ХХ ғасырда 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырады

М. Тәтімов: ХХ ғасырда 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырады

ХХ ғасырда 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырады. Бұл деректерді «Қазақстанның тарихи демографиясындағы ақтаңдақтар» деп аталатын алқа жиында белгілі демограф Мақаш Тәтімов келтірді.

«ХХ ғасырда болған Азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргін кездерінде, Екінші дүниежүзілік соғыста бас-аяғы 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырады», - деді М. Тәтімов. М. Тәтімов 31 мамыр - Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні тек атылғандар мен айдалғандар ғана еске алынатынын айтып, бұл күні ашаршылықтан қырылғандар ұмыт қалатындығына қынжылыс білдірді. «25 мың адам атылды. Бұл көрсеткіш ашаршылықтан қырылғандардың мыңнан бірін ғана құрайды. Айдалған 105 мың адам аштан қырылғандардың 5 пайызын құрайды. Ал негізгі трагедия қазақ халқында әлі күнге дейін ұмыт қалып келеді», - дейді ғалым. Оның пікірінше, 31 мамыр - Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қазақ халқының тарихындағы ең бір қасіретті күн болып есептелуі керек. «Осыдан 18-19 жыл бұрын Бекбалат Мұстафин ақсақал Елбасына кіріп, 31 мамырды қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгілейік, олар ұмыт қалмасын деген ұсыныс жасады. Нұрсұлтан Әбішұлы бірден бұл ұсынысты қолдап, шешім қабылдады», - деді Мақаш Тәтімов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть