«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 7 тарихи ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, мемлекеттік комиссияға өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 7 тарихи ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, мемлекеттік комиссияға өткізілді

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 7 тарихи ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, мемлекеттік комиссияға өткізілді

Ағымдағы жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 7 тарихи ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, мемлекеттік комиссияға өткізілді.

  • 22 Желтоқсан 2010
  • 967
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін елордада өткен 2009-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасы жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің қорытынды отырысында «Қазқайтажаңғырту» РМК-нің директоры Қанат Тұяқбаев мәлім етті.

Оның айтуына қарағанда, 2009-2011 жылдарға арналған «Қазқайтажаңғырту» РМК-нің жоспарында 7 облыстың аумағында орналасқан 20 тарихи нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Олардың кейбіріндегі жұмыстар 1-2 жыл аясында ғана емес, одан да ертерек басталған.

«Өйткені кейбір мәдени мұралар тарихи орталықтарға айналған. Олар Тұрбат, Руханият мәдени орталықтары, 5 мәдени мұрадан тұратын әрі 13-17 ғасырларға жататын Шаян, Баба ата мешіт-медіреселері және сол сияқты үлкен-үлкен орталықтарға жинақталған рухани-сәулет ескерткіштері. Соның ішінде биыл соңғы 2-3 жылдардың ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 7 тарихи-мәдени мұраның құрылыс жұмыстары аяқталып, мемлекеттік комиссияға өткізілді», — деді ол.

Қ.Тұяқбаев өз сөзінде бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан халықаралық жобаларға да тоқталып, Дамаск қаласындағы Әл-Фараби тарихи мәдени орталығы мен кесенесінің құрылысы келесі жылы аяқталатынын, ал Сұлтан Бейбарыстың кесенесін қалпына келтіру жұмыстарының бітіп, осыдан 3 ай бұрын қабылдау комиссиясына тапсырылғанын атап өтті. Сонымен қатар Ташкентте орнатылуы жоспарланған Абай ескерткішінің де негізгі жұмыстары толығымен аяқталғанын жеткізді. Бұл орайда сөзге араласқан Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, қазақтың ұлы ақынының ескерткішін ресми ашу салтанаты ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына жоспарланған екен. Дегенмен, өзбек тарапының түрлі себептерді алға тартуынан ескеркіштің ашылу рәсімі келесі жылға сырғытылған.

«Қазқайтажаңғырту» РМК директорының атап өтуінше, ағымдағы жылы ел аумағындағы 20-ға жуық тарихи мәдени мұраны қалпына келтіру жұмыстарына бюджеттен 600 млн-ға жуық қаржы бөлінген. Келесі жылға да қаржы мөлшері осы көлемде болжанып отыр.

Перейти к новостям спорта