"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын 2004-жылы іске асыру шараларының аясында археологиялық зерттеу жұмыстары бойынша 30 қала, қоныс, оба және қорғандарда қазба жұмыстары жүзеге асырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын 2004-жылы іске асыру шараларының аясында археологиялық зерттеу жұмыстары бойынша 30 қала, қоныс, оба және қорғандарда қазба жұмыстары жүзеге асырылды

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын 2004-жылы іске асыру шараларының аясында археологиялық зерттеу жұмыстары бойынша 30 қала, қоныс, оба және қорғандарда қазба жұмыстары жүзеге асырылды

Осыдан бір жылдай бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен дүниеге келген "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы әлемдік ғылыми ойды сабақтастыратын, тарих қойнауларында ұмытыла бастаған мәдениетімізді өзімізге қайтарып қалпына келтіретін ұлы істің бастамасына айналды. Бұл туралы бүгін, 27-қаңтарда 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде қоғамдық кеңестің төрағасы- Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қаңтар 2005
  • 1205
Фото - Caravan.kz

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын 2004-жылы іске асыру шараларының аясында археологиялық зерттеу жұмыстары бойынша 30 қала, қоныс, оба және қорғандарда қазба жұмыстары жүзеге асырылды.

И.Тасмағамбетовтың айтуынша, соның ішінде Бұзықты (Ақмола облысы), Қойлық және Талғар (Алматы облысы), Сарайшық (Атырау облысы), Мерке және Жайсаң (Жамбыл облысы), Берел және Шілікті (Шығыс Қазақстан облысы) , Жайық және Қырықоба (Батыс Қазақстан облысы), Тоқтауыл, Талдысай, Айбат және Кент (Қарағанды облысы), Бестамақ (Қостанай), Шілік және Рабат (Қызылорда облысы), Тоқсанбай (Маңғыстау облысы), Шідерті (Павлодар облысы), Ботай (СҚО), Жуантөбе және Қарасантобе , Шымкент, Сауран, Сидақ және Отырардағы (Оңтүстік Қазақстан облысы) қазба жұмыстары табысты жүзеге асырылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 222 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, И.Тасмағамбетовтың айтуынша, 2004-жылы еліміздегі тарихи, мәдени және археологиялық есркеткіштерді қалпына келтіру шараларының аясында Жамбыл облысындағы Айша Бибі кесенесі, Үшарал мешіті, Алматыдағы Верный көне училищесі, Бөкей Ордадағы Хан таспа, Маңғыстаудағы Шоқан Ата , Қызылорда облысындағы Сырлы Там кесенесі, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Аққойлы мешіт-медресесі мен Арыстан Баб кешенін жөндеу және әрлеу жұмыстары аяқталды. Жамбыл облысындағы Асыл тас кешенін қалпына келтіру жұмыстары мен жоғарыда аталған шараларға 152 млн. теңге жұмсалды.
И.Тасмағамбетовтың айтуынша, қазіргі жағдаймен «Бабалар сөзі» жүз томдығының жеті томы, қазақ әдебиетінің тарихи кітабының екі томы, Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы туралы кітаптар жарық көрді. И.Тасмағамбетовтың ақпаратына жүгінсек, бүгінде «Қазақстан тарихы 9-16 ғасырдағы араб дереккөздерінде» үш томдығы, «Қазақстан тарихы 5-17 ғасырдағы иран және парсы дереккөздерінде» бес томдығы, «Қазақстан тарихы қытай дереккөздерінде» екі томдығы, «Қазақстан тарихы көне авторлардың шығармашылығында» атты екі томдығы, «Қазақстан тарихы монғол дереккөздерінде» үш томдығы, «Қазақстан тарихы орыс дереккөздерінде» он томдығы шығаруға дайындалу үстінде.
Монғолия мен Қытайда жұмыс істеп қайтқан экспедициялар Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты бұрындары белгісіз болып келген тың ақпарат көздерін тауып қайтты. Мәселен, Қытайдың тарихи мұрағатынан қазақ хандары мен сұлтандарының Қоқан, Хиуа және Қытай хандарына жазған шағатай, ойрат, маньчжур, қытай және монғол тілдеріндегі 3500-дей құнды құжаттарды тауып қайтты.