«Мәдени мұра» жобасын жүзеге асыру бұдан былай да біздің жіті назарымызда болуы тиіс - М. Құл-Мұхаммед - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мәдени мұра» жобасын жүзеге асыру бұдан былай да біздің жіті назарымызда болуы тиіс - М. Құл-Мұхаммед

«Мәдени мұра» жобасын жүзеге асыру бұдан былай да біздің жіті назарымызда болуы тиіс - М. Құл-Мұхаммед

«Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру бұдан былай да біздің жіті назарымызда болуы тиіс. Бүгін Астанада өткен Мәдениет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай айтты.

  • 23 Қыркүйек 2010
  • 581
Фото - Caravan.kz

Алқада «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынғалы бері табысты іске асырылып жатқанын айтқан М. Құл-Мұхаммед: «Мен жақында Елбасының қабылдауында болып, осы бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар жайлы баяндадым. Бұл ретте мақтан тұтарлық істер бар. Мәселен, бағдарлама іске асырылған кезең ішінде елімізде 58 тарихи және мәдени ескерткіштер қалпына келтірілді. Бұл өте үлкен жетістік. Осыншама нысанның бүтінделуі «Мәдени мұра» жобасының ұлт мәдениетінің тарихындағы ерекше бағдарлама екендігін білдіреді», деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, қалпына келтірілген ескерткіштердің бірі құлауға шақ қалғандар болса, кейбіреулері тіпті құлап та қалғандар. «Ол нысандар енді бір екі-үш жыл тұрған кезде кейбір архитектуралық келбетін былай қойғанда, әрбір кірпішінің өзі тарихи ескерткіш болып саналатын мұраларымыздан айырылып қалудың аз-ақ алдында қалыппыз», деді министр.

М. Құл-Мұхаммед жоба аясында 2010 жылы 19 мәдени ошақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап көрсетті. «Жобаның екінші кезеңі шеңберінде елімізде бес және шетелде бір, Дамаск қаласындағы Сұлтан Бейбарыс кесенесі, тарих және мәдениет ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды», деді ол.