Мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімов бүгін Мемлекет басшысының өкімімен мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік көрсеткен азаматтарға дипломдарды табыс етті.
«Мемлекет басшысының атынан сіздерге отандық мәденитетті дамытуға, мектептер мен балабақшалар салуға, әлеуметтік түйткілдерді шешуге көрсеткен көмектеріңіз үшін ризашылық білдіремін»,- деді О.Әбдікәрімов меценаттарға қаратып айтқан сөзінде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік көрсеткені үшін Қазақстан президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы» жарлыққа президент 2001-жылдың шілде айында қол қойған.
Үкіметтің қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес, бұл марапатқа өзінің белсенді қайырымдылық және демеушілік іс-қызметімен мәдени және гуманитарлық саладағы жобаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан Қазақстан азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ, заңды тұлғалар ие болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті