Олардың арасында Мысыр, Тайвань, Израиль, Украина, Ресей, Мексика, Швейцария, Испания, Америка және Бельгия сынды елдер бар, деп хабарлайды Өскеменнің баспасөз қызметінен.
«Оның басты мақсаты — бүкіл әлемнен келген шеберлердің өз жұмыстарын қалада қалдыруы. Бірақ, ең бастысы — мәдениет арқылы біз әлемді Қазақстанмен таныстырудамыз», — деді Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев.
Симпозиумның өткізілуі Лондондағы Олимпиада ойындарымен тұспа-тұс келді, олардың тікелей көрсетілімі түнгі уақытта өтуде. «Шаршағанымызға, және барлығымыз әр елден болғанымызға қарамастан, біз теледидарды қоршап, бір-бірімізбен ортақ жанкүйер боламыз», — дейді мүсіншілер.
Естеріңізге сала кетейік, байқау қорытындылары тамыз айының аяғына қарай шығарылады. Қазіргі кезде қалалық сәулет бөлімі шеберлермен бірігіп мүсіндерді орналастыру орындарын қарастыруда. Айта кетейік, олар жергілікті граниттен жасалған.