Он жасар алматылық қыз Данэлия Төлешова "Голос. Дети" украиналық шоуында жеңіске жетіп, келер жылы "Eurovision Junior" музыкалық байқауының кастингіне қатыспақ, деп хабарлайды Sputniknews.
Қазақстанның мәдениет және спорт министрі жас әншімен кездесу барысында 31 арна басшысы Бағдат Қожахметов алдағы байқау туралы хабарлады.
"Биыл қараша айында біз жеті баланы Грузияға апардық, олардың арасында ағайынды Жүгінісовтер мен Данэлия болды. Олар еуроклуб аясында өнер көрсетіп, сол жерде Eurovision Junior жұмыс комитеті қатысушыларды қарады. Биыл 16 ел қатысып, тағы екі ел – Израиль мен Қазақстан келесі жылы Минскіде өтетін байқауға қатысуға өтініш берді", — деп хабарлады "31 арна" бас директоры алда келе жатқан шара туралы әңгімелеп.
Оның айтуынша, ұлттық кастинг бірінші жартыжылдықта өтеді, соның нәтижесі бойынша дауыс беру арқылы Минскідегі байқауда Қазақстанның намысын қорғайтын қатысушы анықталады.