Мәдениет министрі ғаламторды шулатқан аудиожазбаға қатысты қандай мәлімдеме жасады? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет министрі ғаламторды шулатқан аудиожазбаға қатысты қандай мәлімдеме жасады?

Мәдениет министрі ғаламторды шулатқан аудиожазбаға қатысты қандай мәлімдеме жасады?

Мәдениет министрі «Қазақфильмнің» басшыларымен өткізген жиынды таспаға жазуға өзі рұқсат беріпті. Ғаламторды шулатқан аудиожазбаға қатысты Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін осындай мәлімдеме жасады.

  • 2 Қыркүйек 2015
  • 433
Фото - Caravan.kz

Послушайте, вы никто! Что вы диктуете условия нам? Я сознательно пошёл на жертву, чтоб не было, зачем сейчас айғай-шумен финансисты, финполовцы придут, проверять. Я заинтересован, чтоб работа не останавливалась. Сол үшін, я предлагаю, Рустем.

Аудиожазбада Мәдениет министрі «Қазақфильм» басшыларын, режиссерлер  мен қарамағындағыларды жинап, қазынадан бөлінген қаржыны жұмсауды және ол туралы қалай есеп беру керектігін үйретіп жатыр. Ал, Арыстанбек Мұхамедиұлы өткізген «шеберлік сабағын» сол жиынға қатысқандардың бірі таспаға жазып, ғаламторға жариялап жіберген. Бұған дейін ақпарат құралдарында «Қазақ хандығы» телесехикаясына бөлінген ақшаның жұмсалып кеткені, соның кесірінен фильмнің тоқтап тұрғаны айтылған болатын. Бірақ министр бүгін ол қаржының ешқайда кетпегенін, тек кешігіп түскенін және аудиожазбаға өзі рұқсат еткенін айтты.  

Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәдениет және спорт министрі:

— Ашық жиналыс болды, диктофон тұрды. Мен өзім айттым, протокол жүргізіңіздер, барлығыңыз протоколға қол қойыңыздар, «Қазақ хандығы» болсын, басқа фильмдер болсын.  Ол жерде құпия ештеңе болған жоқ, ашық әңгіме болды.  «Қазақфильмге» бөлінген ақша неге жүрмей жатыр деп.

Соңғы жаңалықтар