Мәдениет министрлігі 2007 жылы жеті заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет министрлігі 2007 жылы жеті заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр

Мәдениет министрлігі 2007 жылы жеті заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр

АСТАНА. 19 қаңтар. Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылы мәдениет және ақпарат министрлігі жеті заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде министр Ермұхамет Ертісбаев кеше алқа жиынында мәлімдеді.

  • 19 Қаңтар 2007
  • 613
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, бұлар «ҚР баспа ісі жөніндегі» , «ҚР интернет жүйесінің сегменті жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» , «Кітапхана мен кітапхана ісі жөнінде» , «Мұражайлар мен мұражай қорлары жөнінде», «Меценаттық және демеушілік жөнінде» , «Кинематография туралы» және » Басқару қызметін дерекпен қамтамасыз ету туралы» заң жобалары болады, деді министр.

Сонымен қатар, Е.Ертісбаевтың пайымдауынша, бюджетті тиімді жоспарлау үшін мәдениет саласын қаржыландыру мен шығындар көрсеткішін енгізу қажет.

Мәдениет министрі 2008 -2010 жылдарға арналған Қазақстанның ақпараттық-инновациялық даму стратегиясын жасауға кірісу қажеттігін мәлімдеді. Министр 2007 жылды өз ведомствосында қазақ тілінің жылы деп жарияламақшы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта