Мәдениет және ақпарат министрлігі мақсатты бағдарламалық басқару және стратегиялық бюджеттік жоспарлау жүйесіне көшуді межелеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет және ақпарат министрлігі мақсатты бағдарламалық басқару және стратегиялық бюджеттік жоспарлау жүйесіне көшуді межелеп отыр

Мәдениет және ақпарат министрлігі мақсатты бағдарламалық басқару және стратегиялық бюджеттік жоспарлау жүйесіне көшуді межелеп отыр

АСТАНА. 17-мамыр. Kazakhstan Today. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі мақсатты бағдарламалық басқару және стратегиялық бюджеттік жоспарлау жүйесіне көшуді межелеп отыр. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев бүгін мемлекет басшысының жолдауын түсіндіру және насихаттау мәселелеріне арналған қала және аудан әкімдерінің семинар-кеңесінде құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Мамыр 2006
  • 644
Фото - Caravan.kz

“Бірінші кезекте бұл жүйе ақпарат және мәдениет саласындағы базалық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған жоспарлаудың нормативтік әдісін енгізуді көздейді”,- деді министр. “Аймақтарда бюджетті қалыптастыруда бірінші кезекте қаржыны көп қажет ететін бұқаралық ауқымды шараларға баса назар аударылады, ал мәдениет жүйесін дамытуға бағытталған тым құрыса орта мерзімді инвестициялар меселесі кейінге ысырыла береді”,- деді министр.

Ол сондай-ақ министрлікке қарасты театр, концерттік ұйымдар, мұражайлар мен мұрағаттар күні бүгінге дейін бұрынғы КСРО нормаларына бағынатынын, соған байланысты нормативтік жоспарлау әдісін енгізу жұмысын биылдан бастау керек екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің жуырда өткен алқа мәжілісінде бұл істі жекелеген аймақтарда сынақтан өткізу арқылы қолға алу туралы ұсыныс жасалды. “Біз нормативтер саласындағы пилоттық жобаны батыс Қазақстан облысының баасында қолға алуды көздеп отырмыз”,- деді Е.Ертісбаев.

Сонымен бірге министр ауылдық елді мекендердің мәдени нысандармен қамтамасыз етілу нормативтерін жасау қажет деп пайымдайды.

Перейти к новостям спорта