Министрдің айтуынша, “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы” заң жергілікті жерлерде толыққанды жүзеге асырылмай отыр. Оған себеп – ортақ реттеуші нормалар жоқ. Соның кесірінен әр жерде әртүрлі түсіндіріледі. “Қазір біз заңның толыққанды жұмыс істеуі үшін тоғыз нормативтік актінің жобасын жасап жатырмыз”,- деді Е.Ертісбаев.
Оның айтуынша, осындай ахуал “тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану саласында да байқалып отыр”.