Мәдениет және ақпарат министрлігі мұрағат және кітапхана ісін дамыту жөніндегі 2007-2009-жылдарға арналған бағдарламаның жобасын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет және ақпарат министрлігі мұрағат және кітапхана ісін дамыту жөніндегі 2007-2009-жылдарға арналған бағдарламаның жобасын жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі мұрағат және кітапхана ісін дамыту жөніндегі 2007-2009-жылдарға арналған бағдарламаның жобасын жасады

АСТАНА. 17-мамыр. Kazakhstan Today. Мәдениет және ақпарат министрлігі мұрағат және кітапхана ісін дамыту жөніндегі 2007-2009-жылдарға арналған бағдарламаның жобасын жасады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев бүгін мемлекет басшысының жолдауын түсіндіру және насихаттау мәселелеріне арналған қала және аудан әкімдерінің семинар-кеңесінде құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Мамыр 2006
  • 590
Фото - Caravan.kz

“Кітапханаларды жаңалауға жағдай жасап, оларды әлеуметтік маңызы бар кітаптармен толықтыру мәселесін шешу қажет. Сол үшін мәдениет және ақпарат министрлігі кітапхана ісін дамыту жөніндегі 2007-2009-жылдарға арналған бағдарламаның жобасын жасады”,- деді ол.

Министрдің пайымдауынша, “мәдени мұра нысандарының құрамына жаппай санақ жүргізіп, оларды жақсартуға бағытталған сатылы жоспар жасау керек”. Бұған қоса мәдени мұра нысандарының біртұтас мемлекеттік реестрін жасап, мұражайлар тарапынан көрсетілетін қызмет түрлеріінің аясын кеңейту, мұражай қорларының электрондық мәліметтер базасын құру, мұрағат қорларының жүйесін модернизациялау қажет.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі жағдаймен елімізде 240 мұрағат, 3,5 мың кітапхана бар. Олардың 80 проценті ауылдық жерлерде орналасқан.

Перейти к новостям спорта