Мәдениет және діндер сарайы мемлекет пен халықтардың өзара ықпалдастық орталықтарының біріне айналуы тиіс - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет және діндер сарайы мемлекет пен халықтардың өзара ықпалдастық орталықтарының біріне айналуы тиіс - ҚР Елбасы

Мәдениет және діндер сарайы мемлекет пен халықтардың өзара ықпалдастық орталықтарының біріне айналуы тиіс - ҚР Елбасы

Астанада іргетасын қалау көзделіп отырған мәдениеттер және діндер сарайы "мемлекет пен халықтардың өзара ықпалдастық орталықтарының біріне айналуы тиіс". Бүгін, 23-желтоқсанда Қазақстан халықтары ассамблеясының 10 сессиясында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Желтоқсан 2003
  • 960
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы осы орайда мәдениет пен діндер сарайын салу туралы идея биылғы жылдың қыркүйек айында Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер құрылтайында ортаға салынғанын атап өтті. «Мәдениет және діндер сарайының ғимараты 130 ұлттың өкілдері бейбіт күн кешіп жатқан Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық келісімнің нышан белгісіне айналуы тиіс»,- деді президент. Н.Назарбаевтың айтуынша, Сарайда Қазақстан халықтары ассамблеясының, республикалық ұлттық-мәдени орталықтардың бас пәтерлері, сондай-ақ, ғимараттардың кешені түрінде мешіт, шіркеу, синагога және буддистік храмдар орналасатын болады. Елбасы кешенді жобалауда «еліміздегі қазақ және басқа да ұлттардың ұлттық және мәдени ерекшеліктерін ескерген жөн» деп атап көрсетті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бұл идеяның айрықша тәжірибелік маңызын атап өтті. Елбасы «келешекте Сарайдың негізінде өркениеттер университетін құра алар едік» деген жорамал айтты. «Бізге тек экономистер мен заңгерлер ғана емес, сонымен бірге әлемдік мәдениет пен тарихты жеттік білетін, қазіргі замандық сипатта ғаламдық ойлау қабілетіне ие гуманитарлық мамандық иелері де қажет». Елбасының айтуынша, университетте әлемдік діндер, теология, өркениет тарихы мен әлемдік мәдениетті зерттейтін мамандарды дайындауға болар еді.
Н.Назарбаев Есілдің сол жағалауында 2004-жылдан бастап Еуразиялық мәдениет пен діндер сарайын жобалауға және оны сала бастауға байланысты барлық мәселелерді дәйектеуді үкіметке тапсырды.

Соңғы жаңалықтар