Мәдениет және спорт министрі ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет және спорт министрі ауысты

Мәдениет және спорт министрі ауысты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды. Ал бұған дейін бұл қызметті атқарып келген Дәурен  Абаев қызметінен босатылды. 

  • 4 Қаңтар 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Оралов Асхат Раздықұлы 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

2014-2016 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.

2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы.


2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.

2018-2019 ж.ж. – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 ж.ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.

2021-2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.