«Әлбетте, Алматы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үшін барлық жағынан қолайлы жер. Бірақ қазір біз оны Астанаға көшіруіміз керек», — деді ол ведомствоның сәрсенбідегі алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, басқарма халықтың діни сауатын көтеру бағытында белсендірек жұмыс істеп, конфессия аралық төзімділікті қамтамасыз етуге және діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстарын жүргізуге міндетті.
«Оның үстіне, халықтың басым бөлігі ислам дінін ұстанады. Министрліктің дін істері жөніндегі комитеті басшылары осыған тиісінше көңіл бөлуі керек», — деді ол.
«Мәселен, шіркеулерде жексенбілік мектептер бар. Онда Тәурат оқылады. Бірақ сонымен қатар ол халықпен мәдени-білім беру бағытында жұмыс істейтін қосымша алаң болып табылады. Сондықтан исламды ұстанатындарға арналған осындай мектептер мәдени-ағарту жұмыстарының әлеуетін арттыра түсер еді», — деді министр.
Ол мұндай мектептердің қызметі барынша ашық болуы тиіс екенін атап өтті.