Мәдина Әбілқасымова халықтың сынына жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдина Әбілқасымова халықтың сынына жауап берді

Мәдина Әбілқасымова халықтың сынына жауап берді

Үкімет отысырынан шыққан министрге журналистер «қоғамдағы наразылыққа байланысты отставкаға кетесіз бе?» деп сауал жалдады.

Алайда Мәдина Әбілқасымова сұрақтан жалтара жауап берді.

«Біз сынды естіп тұрамыз. Ең бастысы, бұл сыннан қорытынды шығарамы?

  • 12 Ақпан 2019
  • 141
Фото - Caravan.kz

Алайда Мәдина Әбілқасымова сұрақтан жалтара жауап берді.

«Біз сынды естіп тұрамыз. Ең бастысы, бұл сыннан қорытынды шығарамыз. Жағдайды барынша жақсартуға тырысамыз. Жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылданады, — деді ол. 

Осы орайда министр ҚР Үкіметінің жанынан құрылған ел азаматтарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, әрі көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы аясында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда болатынын мәлім етті.

«Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық ұсыныстарды жинаудамыз. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сол арқылы арнайы есебін шығаруда. Барлық талаптарды жинап жатырмыз. Атқарушы органдарға ғана емес біздің министрлікке де көпбала аналар келіп жатыр. Бүгін де кездесу болады. Ұсыныстардың барлығын жұмыс тобы аясында шешуге тырысамыз»,- деді ол.

Айта кетейік, 4-ақпанда Астанадағы Көктал тұрғын үй алабында шағын өртеніп, 5 бала көз жұмды. Кейін әлеуметтік желіде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың жұмысына қатысты сын айтылды.