Арман-тілегін әнші әлеуметтік желіде жазды. Мұндай ой өнердегі әріптесі Тамара Асардың сыйлығымен астасып жатыр екен.
Яғни ол Мәдинаға өткен жылы қызды болғанын айтып, сол эстафетаны жалғастыруды ұсынған. Ал Мәдина да бұл тілектен бас тартпайтынын, биыл нәресте сүйгісі келетінін жеткізген.
Эстафетаны өзіңе бердім деп ерекше білезікті сыйға тартты. "Мадикош, қызды болсаң 2-ші фигураны өзім қосып беремін деді. Бұл кішкентай сыйлықтың артында үлкен ниет тұрғанын біліп тұрмын ғой. 2023 жылы біздің отымбасызда тағы бір үлкен қуаныш болсыншы", — дейді әнші.
Мәдинаның бұл арман-тілегіне жазылған пікір көп. Бірі әншінің жасы ұлғайғанын есіне салса, енді бірі ниеттес екенін білдірген.
Айта кетейік, әнші Мәдина Сәдуақасова биыл 8 қыркүйекте 44 жасқа толады.