Мадина Сәдуақасова - Үнсіздік әнінің сөзі - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мадина Сәдуақасова - Үнсіздік әнінің сөзі

Мадина Сәдуақасова - Үнсіздік әнінің сөзі

Әні: Индира Елубаева

  • 4 Маусым 2019
  • 3865
Фото - Caravan.kz

Сөзі: Айнұр Тұрсынбаева

Кеше ғана достасып,
Кеше ғана қоштасып.
Екі жақта жүр ме екен
Елегізіп қос ғашық
Емес ең ғой ақылсыз
Алыссыз hәм жақынсыз
Дауысымды естімей,
Қалай шыдап, қалай шыдап жатырсыз?!

Қайырмасы:

Деген сұрақ кім сіздік,
Қойды-ау мені тілсіз ғып.
Қашан,қашан бітеді
Арадағы үнсіздік.

Күн де мынау құбылып
Салқындықты тұр ұғып
Суып бара жатыр ғой,
Арадағы жылулық.
Сіз мен жаққа елеңдеп,
Мен сіз жаққа елеңдеп.
Жанарымда сағыныш,
Мөлтілдейді өлең боп.

Қайырмасы: