Қайғылы оқиға бейсенбі күні таңертең 10 мың адам сыятын Madrid Arena de la Casa de Campo ойын-сауық кешенінде орын алды. Мереке кезінде белгісіз біреу жанып жатқан файер лақтырған, нәтижесінде шошынған қалың тобыр қыздарды таптап кеткен. Қазіргі таңда полиция тергеу амалдарын жүргізуде, кінәлілер іздестірілуде.