"МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС 2004-жылы "ҚазРосГаз" ЖШС-мен келісім-шартқа қол қою арқылы газ тапшылығы проблемасын шешті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС 2004-жылы "ҚазРосГаз"  ЖШС-мен келісім-шартқа қол қою арқылы газ тапшылығы проблемасын шешті

"МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС 2004-жылы "ҚазРосГаз" ЖШС-мен келісім-шартқа қол қою арқылы газ тапшылығы проблемасын шешті

МАЭК компаниясы 2004-жылға дейін құрғақ газ тапшылығын тартып келген. Мұқтаждық көлемі 212 млн. текше метрді құрады. Комбинат басшылығының шара қолдануы нәтижесінде қалалық және облыстық әкімшіліктер мен ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі аталмыш оқиғадан хабардар болды. Бұл туралы "МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі" ЖШС-нің бас директоры Бауыржан Ыбыраев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Ақпан 2004
  • 566
Фото - Caravan.kz

Б.Ыбыраевтың айтуынша, қазіргі жағдаймен мәселенің түйіні шешілді. «ҚазРосГаз» ЖШС-мен келісім-шартқа қол қою нәтижесінде әрбір 1000 текше метрін 24 долларға 312 млн. текше метр газ сатып алуға ұйғарым жасалып, газ тапшылығы жойылды.

Б.Ыбыраевтың айтуынша, «ҚазРосГаз» ЖШС-нің басшылығы «МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі» ұлттық компания екенін ескеру нәтижесінде ұзаққа созылған күрделі келіссөздерден кейін әрбір 1000 текше метр газ үшін бағаны 24 долларға дейін азайтуға келісті. ТШО 2004-жылдың соңына дейін әрбір 1000 текше метр үшін бағаны 32 долларға дейін көтереді. (Ал Алматы, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары өзбек газын 42 долларға сатып алады).
«Қазақатомөнеркәсібі ҰАК» ЖАҚ-ның құрамындағы «МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі» ЖШС электр қуатын өндіретін негізгі отын ретінде «Өзенмұнайгаз» ААҚ мен «Теңізшевройл» ЖШС-нен сатып алатын табиғи газды пайдаланады.
«Өзенмұнайгаз» ААҚ кеніштерінде газ өндіру көлемінің азаюы салдарынан комбинат газды «Теңізшевройл» ЖШС-нен газды жоғары бағаға сатып алуға мәжбүр. ТШО газының үлес салмағы комбинат тұтынатын жалпы көлемнің тең жартысын құрайды. Былтырғы жылы МАЭК мұнай өндіруші «Теңізшевройл» Бірлескен кәсіпорнынан газ сатып алу туралы екі жылдық келісім-шартқа қол қойған болатын. Алайда, бағаны дер кезінде төлемеу салдарынан ТШО газ беруді бірнеше мәрте доғарды.
МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі» ЖШС-нің бас директорының айтуынша, өнім өндіру көлемін арттыру және мұнай қабаттарының қысымын көтеру үшін газды жер қыртысына кері айдауға байланысты 2005-жылы МАЭК компаниясына газ берілмейтінін хабарлаған.
2004-жылы МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі» ЖШС-не «Өзенмұнайгаз» ААҚ 707 млн. текше метр, «Теңізшевройл» ЖШС 960 млн. текше метр, «ҚазРосГаз» ЖШС 312 млн. текше метр газ беруді жоспарлап отыр.
Ертеректе Қазақстан-Молдавия бірлескен «Қазполмұнай» ЖАҚ мен Маңғыстау облыстық әкімшілігі МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі» ЖШС-не газ беру туралы алдын-ала келіссөздерге қол қойған. Алайда аталмыш жеке меншік компанияның басшылығы МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі үшін бағаны арзандатудан бас тартып, газдың әрбір 1000 текше метрі үшін 30 доллар сұраған, деді Б.Ыбыраев. (2003-жылы «Толқыннефтегаз» ААҚ 490,4 млн. текше метр, «Қазполмұнай» ЖАҚ 86,9 млн. текше метр газ өндірді).
Жалпы алғанда 2003-жылы Маңғыстау облысында 1764,6 млн. текше метр немесе 2002-жылғымен салыстырғанда 142 процент көлемінде табиғи газ өндірілді. Облыс бойынша 2004-жылғы табиғи газдың жоспарлы тұтыным мөлшері 2115 млн. текше метрді, соның ішінде МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі жылына 1,5 млрд. текше метр немесе тәулігіне 400 млн. текше метр, ал «Ақтал ЛТД» ЖШС 476 млн. текше метр газ тұтынады деп күтілуде.
Облыс әкімі Б.Палымбетовтың айтуынша, газ сатып алатын бұдан басқа да бірнеше баламалы жолдар бар. Атап айтсақ, облыс әкімшілігі Маңғыстау өңірінде жаңа газ кеніштерін ашу туралы «Қаз МұнайГаз ҰК» ЖАҚ-мен келіссөздер жүргізуде. Болашақта өндірілген табиғи газды сатумен айналысатын жаңа газ терминалын салу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар